Зерде

Your browser doesn’t support HTML5

Тарихи мәліметтерге сүйенсек, 1921-22 жылдардағы ашаршылықта 30 пайызынан айырылған қазақ халқы 1931-1932 жылдары тағы да жаппай аштыққа ұрынып, тең жарымы, яғни 2 миллион 500 мыңға жуық адамы қаза болды. Кейбір зерттеушілер аштан қырылғандар 3 миллионнан да асып түседі дегенді айтады. Бұл кезде Филипп Голощекин Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшылығы қызметін атқарып отырған. Тарих ғылымының докторы, профессор Талас Омарбеков ашаршылықтың алдын алуға болатын еді дейді. Ол үшін күштеп ұжымдастыруды отырықшыландыру негізінде жүргізу керек еді. Зерттеуші Тұрсын Жұртбай аштыққа салық саясаты да әсер етті дейді. Маманның айтуынша, ол кезде халықтың өмірі мал шаруашылығымен тығыз байланыста болған.  Ол бұл қасіретті ұлтқа қарсы бағытталған геноцид деп қарастыру қажет деп санайды.  Талас Омарбеокв ашаршылық тақырыбы туралы құжаттар көп дейді. Оның айтуынша, бұл тақырып толық зерттелген. Ғалымның айтуынша,  ашаршылық құрбандарына арнап бір күнді қасірет күні деп жариялау қажет. Сондай ақ оларға арналған ескерткіш орнату керек.  Ол  осы ұсыныстармен түрлі мемлекеттік органдарға барғанын айтты, алайда ешкім сөзіне құлақ аспаған.