Уақыт бедері
Your browser doesn’t support HTML5
Желтоқсанның 19-ы күні бірнеше ақын-жазушы, журналистер және Алматыдағы маңғыстаулық студент жастар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады.
«Жаңаөзенде, Шетпеде және Батыстағы басқа жерлердегі бейбіт халыққа қарсы қару қолданып, қантөгіске жол берген жауыздықты айыптаймыз. Ондай әрекетті дереу тоқтатуды талап етеміз» дейді президентке хат жазған азаматтар.
Жеделхатқа қол қоюшылардың бірі, ақын Темірхан Медетбек Азаттық тілшісімен сұқбатында «1986 жылы Алматыда, 1989 жылы Жаңаөзенде болған оқиғалар кезінде де қарапайым халыққа қару кезелмегенін» айтты. «Биліктің өз халқына оқ атқанына ақылымыз жетпей отыр» дейді ол.