Жаңаөзен жарасы
Your browser doesn’t support HTML5
Шығыс Қазақстан облысы Нұрлы көш ауылының тұрғыны Нұрсәлім Мақсұтхан орта мектепте от жағушы болып жұмыс істейді. Ол Жаңаөзендегі 16 желтоқсанда болған оқиғалар туралы естігеннен кейін зардап шекккендерге көмек ретінде 10 мың теңге беріпті.
Нұрсәлім Мақсұтхан Қытайдан 2008 жылы көшіп келген екен. Ол қаржының зардап шеккендерге жіберілетініне сенімді.
Алайда Нұрлы көш ауылы әкімі Нұрбақыт Отанұлының сөзінше, қалалық әкімшілік тұрғындардың көмегін әзірше тоқтатуды сұраған.
Жаңаөзендегі қақтығыс барысындағы шығын 1,9 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко: «Бұл қаржыны қалалық әкімдікке, облыс әкімдігіне, қаланы жи¬нас¬тыруға, көліктік шығындарға, жанар-жағармай сатып алуға және мемлекеттік органдарды қамтамасыз етуге бөлу керек», – деп осы шараларға есептелген жал¬пы соманың шамамен 1 млрд 250 млн теңгеге жуық соманы құрайтынын айтты.
«Халық майданы» қозғалысының мүшесі Жанболат Мамай Жаңаөзенде зардап шеккендерге көмек ретінде есеп шот ашу ойда бар дейді. Ол бүкіл Қазақстан аумағына таралатын науқан қажет дейді.
Желтоқсанның 26 күні Жаңаөзенде 16 желтоқсандағы оқиғада жарақат алған тағы бір адам қайтыс болды деп хабарлайды Жаңаөзен қаласының орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Раушан Жапарова Ол бұдан басқа ауруханада жараланған 11 адамның ем қабылдап жатқанын да айтты. Жанболат Мамай қаза болған азаматтардың отбасына көмек көрсету қажет деп есептейді.
Мамыр айынан бері ереуілдеп тұрған мұнайшылардың отбасына арналған есеп шот ашылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Жанболат Мамай қазіргі жағдайда көмек көрсететіндер саны көбірек болатын шығар деп үміттенеді