Руханият
Your browser doesn’t support HTML5
1986 жылғы қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасына жыл аяғында 25 жыл толды.
Осы жылы ол Жаңаөзендегі қантөгіс оқиғасының көлеңкесінде қалып қойса, көпшілік сарапшылар Жаңаөзен мен ширек ғасыр бұрынғы Желтоқсан көтерілісі бір-бірімен үндес дейді. Желтоқсан құрбаны,түрмеде жұмбақ жағдайда қаза болған Қайрат Рысқұлбековтың өлімінің сыры мен жұмбағы әлі күнге ашылмағанын айтады пікір білдірушілер. Қайтыс болғаннан кейін Қайратқа Халық қаһарманы атағы берілген болатын.