Уақыт бедері
Your browser doesn’t support HTML5
Түрмеде жазаларын өтеп, бостандыққа шыққан 12 азамат Қапшағай қаласының маңындағы саяжайлардың бірінде тұрады. Олардың бір-біріне қоятын басты талабы – қылмыс жасаудан бас тарту.
Бір шаңырақтың астында тұратын 12 азаматтың бәрі бір емес, бірнеше мәрте түрмеде отырып шыққандар. Тегін пана тапқан тұрғындарға қойылатын осы үйдегі басты талап – бұрынғы ұрлық-қарлық, нашақорлық сынды әдеттерден, қылмыс жасаудан тыйылу. «Бала-шағам, үйім жоқ. Бірдеңеден бастау керек қой. Мына жердегі атмосфера маған үйреншікті. Яғни мұнда маған жақсы қарайды. Осындағылардың бәрі де мен сияқты. Бәріміз де жаңадан өмір сүруге талпыныс жасап жатырмыз -дейді бұрын сотталған азамат Александр Коханенко. Ол алғаш рет түрмеге Совет Одағы кезінде түсіпті.
«Колонияларда барлығы 21 жыл 6 ай отырдым. Түрлі мекемелерде жазамды өтедім, Ресей, Новосибирск, алыс Сібір, сондай-ақ Қазақстанда болдым. Оңтүстіктен солтүстікке және кері қарай орналасқан түрмелерде өмірім осылай өтті десе де болады. «Ең алғаш рет мен төбелес үшін түрмеге отырдым. Сотқар, бұзақы деді, ал мен қызды қорғаған едім. Совет Одағында осындай тәрбиелеу жолдары болушы еді ғой» - дейді Евгений Жердев. Оның сөзінше, түрмеден шыққаннан кейін де өмірді өзгерту оңайға түспейді.
«Есірткі тұтынғанмын, ВИЧ-ке шалдыққан адаммын. Сол себептен де менен үйдегілер қорқады, ол себептен ғана емес, жалпы беделім аса жоғары деп айта алмаймын. Үйге бармаған себебім 20 жыл ішінде біз бір-бірімізден қатты алыстап кеттік. Осында болғаным жөн. Алғаш келгеннен-ақ маған бәрі ұнады. Алдын-ала айтқандай болып шықты. Емделіп жүрмін, Алматыдағы СПИД орталығына барамын», - дейді Александр Приходченко. Ол да ұзақ уақыт түрмеде отырып шыққан. Қазір ол үйдің ауласында қоян өсіреді.