Айтыс - Азаттықта

Your browser doesn’t support HTML5

Ақпанның 11-12 күндері өткен Алматыдағы аламан айтыста Астананың бас ақыны Аманжол Әлтаев көрермендер тартқан жеребе бойынша қарағандылық Дидар Қамиевпен  сөз сайыстырған болатын. Өзім өскен желінің құлыны едің, қосылдың ба қатарыма шауып келіп, - деп бастаған Аманжол айтысқа жан-жақты дайындықпен келгендігін аңғартты. Себебі Аманжол Әлтаев та Қарағанды өңірінің тумасы.  Сөз сайысында Аманжол Әлтаев айтысқа  негіз болған Қонаев тақырыбанан бастап кешегі Жаңаөзен қасіретне дейін сөз етті. Ал қарсыласы Дидар Қамиев ел күткендей жыр айтпады.