Зерде
Your browser doesn’t support HTML5
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Nazarbaev University оқу орнының студенттерімен кездесіп тұрып, 1932-1933 жылғы ашаршылықтың 80 жылдығын атап өту керектігін айтты. Ол: «Егер ашаршылық болмағанда қазір 45-50 миллион болатын едік» деп мәлімдеді.
Совет Одағының бірқатар аймақтарындағы ауыл шаруашылығымен күнелткен және тұрмысы мал шаруашылығына қарап тұрған халықты баудай түсірген ашаршылық туралы ең бірінші болып 1980- жылдардың басында шетелдегі украин диаспораларының белсенділері айта бастады.
Ал Украина үкіметі 1932-33 жылдарда осы елде болған ашаршылықты БҰҰ деңгейінде геноцид ретінде танытуға тырысып келеді. Голодомор деген тұрақты терминге айналған бұл қырғынды отыздан астам ел геноцид ретінде мойындаған.
«Ресей басшылығы голодоморды украин халқына қарсы бағытталған геноцид ретінде мойындауға түпкілікті қарсы болып, түрлі сын сөздер айтты. сол кездегі украин президенті Виктор Ющенко «аштықты геноцид деп мойындау белгілі бір мемлекетке, Ресейге қарсы бағытталмаған» деп бірнеше мәрте ресми мәлімдеме жасады»» дейді Украинаның Қазақстандағы бас консулы Людмила Протасова.
Азаттық радиосына берген сұқбатында қазақ тарихшысы Талас Омарбеков: «Біз ашаршылық қасіретін зерттеуде украиндықтардан көп болмаса, аз жұмыс істеген жоқпыз» дейді. Ол ашаршылық тақырыбында жарияланған көптеген зерттеулер мен монографиялар бұл қасіретті мемлекет деңгейінде атап өтіп, әр қалада аштық құрбандарына монумент орнатуға негіз бола алады деп айтты.