Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан бас прокуратурасының өкілдері президенттің жолдауын түсіндіру үшін Жаңаөзенге барды, ал кездесуге қатысқан жұрттың көпшілігі жолдау емес түрмедегі туыстарының тағдырына алаңдайтындарын айтты. Қызылағаш апатына 2 жыл толды. 2010 жылы 12 наурыз күні су бөгені жарылып, ауылды су басқанда ресми деректерге қарағанда 45 адам құрбан болған еді. Енді ауыл шаруалары егістік үшін судың жетіспейтіндігін айтып шағымданады. Балық сүйектерінен сурет салатын ақтөбелік қыз Әсия Ойнаровамен және оның өнерімен таныстырамыз. Қырғызстан президентінің  17 наурызды 2002 жылғы Ақсы оқиғасын еске алатын күн деп белгілеу турасында Жарлығы шықты. .