Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

Ақтау қаласында Жаңаөзен ісі бойынша сот үдерісі бүгін үшінші күн жалғасты, соттың әр күнінде Жаңаөзенде 16 желтоқсандағы оқиғада өртенген үй, бүлінген ғимараттар үшін талап-арыздар берген азаматтардың бірқатары сотта талаптарыннан бас тартып жатқаны хабарлануда. Олардың алғашқысы Бибатпа Жалғасбаева Жаңаөзен ісіне қатысты сотқа тартылып жатқан азаматтардың нақты айыпты екендеріне сенбеймін, бірақ  талаптан бас тартқаныммен мемлекет төлейтін өтемақыны кері қақпаймын дейді Азаттық радиосына берген сұқбатында. Шығыс Қазақстан облысындағы 156/1 түзеу колониясында қамауда отырғандардың бірі 27 жасар Александар Батанов деген азамат қайтыс болған, науқасқа шалдыққан оған тиісті дәрігерлеік көмек берілген жоқ деп  облыстық прокуратураға шағымданды қамауда отырған азаматтардың туыстарының бір тобы.  Шын мәнінде Арон Атабекті саяси тұтқын ретінде тану керек деп санайтын бір топ интернет қолданушылары әлеуметтік желілерде «Шаңырақ ісі бойынша Арон Атабектен бастап сотталған азаматтарды босату үшін» арнайы топ құрғандарын жариялап жатыр. АҚШ Орталық азия елдерінің Иранмен қарым-қатынасты шектеу жөніндегі ескертуіне қарамастан, Қазақстан Иранға астық сату көлемін арттырып жатыр деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі. .