Уақыт бедері: спорт
Your browser doesn’t support HTML5
2012 жылы Қазақстан біріншілігінде өнер көрсету үшін 94 легионер тіркелді. Мамандар легионерлерді тарту мәселесінің оң және теріс жақтары бар дейді.
Премьер-лиганың барлық клубтары шетелдік футболшыларды шақыру құқықтарын мейлінше пайдаланды. 2011 жылғы чемпион «Шахтер», «Астана», «Жетісу», «Ақтөбе» клубтары жеті легионерден сатып алды. Алматылық «Қайрат» клубы өз қатарына 5 шетелдік футболшыны қосты. Солардың бірі жартылай қорғаушы сапында өнер көрсететін Хорватия елінің азаматы Йосип Кнежевич. Ол «Қайратқа» жалға 10 айға берілген, негізгі келісім шарты ресейлік «Амкар» клубымен жасалған.
«Қазақстандық командаға өтуіме бұрынғы клубта көп ойнамауым себеп болды», - дейді футболшы.
Биылғы жылы легионерлер қатарының артуы регламенттің қайта қаралғанымен байланысты екенін Қазақстан Ұлттық Лигасы өкілдері түсіндірді.
Бірнеше жыл бұрын Қазақстанға негізінен бұрынғы Совет Одағы құрамында болған елдердің ойыншылары келген болса, бүгінде легионерлердің басым бөлігі Шығыс Еуропа өкілдері. Нақты айтсақ, көбіне Сербия мен Босния және Герцеговинадан.
«Бәлкім, бұл Қазақстан футбол аренасындағы серб агенттерінің белсенділігімен байланысты шығар», - дейді Қазақстан Ұлттық Лигасының басшысы Олжас Абраев.
Спорт шолушысы Есей Жеңісұлының сөзінше, легионер тарту бүкіләлемдік проблема.
.