Уақыт бедері
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстан билігі әлеуметтік салаға бөлінетін шығындардың өсімін бұдан былай әлемдік экономиканың ыңғайына қарай реттейміз деп уәде беріп отыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 2011-жылдың желтоқсанында өткен съезінде «Біз зейнетақыны да, табысты да инфляция деңгейіне қарай индекстейміз. Ал оларды бұрынғыдай 20-30 пайыздық өсіруді әлемдік экономиканың бет алысын мұқият бағамдай отырып жүргізетін боламыз» деген болатын.
Әзірше кедейлік шегін белгілеудің қазақстандық көрсеткіші әлемнің ең кедей деген елдерімен деңгейлес қалып отыр дейді мамандар.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өткен жылдың 27 желтоқсанында шыққан бұйрығында «Қазақстан бойынша кедейлік шегі 2012-ші жылдың 1-ші тоқсанында Статистика жөніндегі агенттік өткен тоқсанға есептеген күн көріс деңгейінің ең төменгі шегінің 40 пайыздық мөлшерінде белгіленсін» деп жазылған.
Экономист Ілияс Исаев қазіргі елдегі ең төменгі күн көріс көлемі жеткіліксіз дейді:
Экономист Ізбасар Бозаев әр ел үшін ең төменгі күн көріс көлемін дұрыс есептеу маңызды дейді.
Қазақстанда қолданылып жүрген «Ең төменгі күн көріс деңгейі» деген заңға сәйкес «Ең төменгі күнкөрiс деңгейi дегеніміз - мөлшері жағынан ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, жан басына шаққандағы күнкөріс үшін қажетті ақшаның ең төменгі шегі».
Адамның тіршілік жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ең төменгі жиынтығы - ең төменгі тұтыну қоржыны болып есептеледі.