Уақыт бедері
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстандағы мемлекет реттейтін бензин бағасының жоғарылауы туралы шешім әлемдік нарықтағы ЖЖМ қымбаттауымен байланысты деп түсіндірді мұнай жән газ министрі Сауат Мыңбаев.
Сауат Мыңбаевтың сөзіне қарағанда, баға қалыптастырудағы негізгі көрсеткіш болып табылатын Brent мұнайының түрі бір барреліне 124 АҚШ долларынан асып түсті.
«Ешкім де өнімді өзіне шығынмен тасымалдамайды. Мұнай трейдерлері оны тиімділік деңгейіне қарай жеткізеді»,- деп атап өтті Сауат Мыңбаев. Оның айтуынша, бұл баға уақытша мерзімге бекітіліп отыр.
Қазақстан фермерлер одағының төрағасы Әуесхан Дарынов жанар- жағармай бағасы әдетте егіс науқаны басталар кезде көтеріледі дейді. оның сөзінше, шаруалар үшін жанармай бағасы ең көп алаңдататын және көп қаражатты талап ететін мәселе.
Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы сатудың шекті бағалары Мұнай және газ министрлігімен, Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілген деп хабарлайды.
Табиғи монополияны реттеу агенттігінің баспасөз қызметі. Экономика ғылымдарының докторы Атамұрат Шәменов жанармай бағасы әлі де көтеріледі дейді.
.