Денсаулық

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкенттік Роза Әбдікәдір үш жасар  немересі Әділетті Алматы қаласындағы  Қазақ онкология және радиология  ғылыми-зерттеу институтына емделу үшін әкелді. Медицина тілінде «онкология» гректің «қатерлі ісік» және «ілім» деген сөзін біл¬діреді. Деректер бойынша, «канцер» (рак не¬месе обыр) терминді қолда¬нысқа алғаш рет атақ¬ты ға¬лым Гиппократ енгізген. Ол обыр клеткаларының теңіз шая¬ны сияқты шатасқан аяқ¬тарымен адам денесі¬не жайыла тарайтынын анық¬таған. Обыр клеткасы адамның басынан бақайшағына дейін кездесе береді. Тез өсіп, балалап, белгілі бір уақытта қан жә¬не лимфа тамырлары арқылы ағзаның мүшелеріне тарайды. Мәліметтерге сүйенсек, елде қатерлі сырқаттар бойынша бірінші орында 12 пайыздық көрсеткішпен өкпе обыры тұр. Одан кейінгі орындарда сүт безі ауруы (11,3 пайыз), тері ауруы және меланома (10,6 пайыз), асқазан обыры (9 пайыз) келеді.  Қатерлі ісіктен өлім жағдайы 100 мың тұрғынға шаққанда 103,9 адам болып отыр. Дәрігерлердің сөзінше,  қатерлі ісік ауруларының өсу қаупін төмендету үшін қарапайым да тиімді ережелерді сақтау керек. Олар: темекіден бас тарту, артық салмақтан арылу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, күнделікті жеткілікті мөлшерде жеміс-жидек, көкөніс жеу, ашық күн астында және соляриде ұзақ болмау, профилактикалық скринингтік тексеруден жиі өтіп тұру.