Дөңгелек үстел
Your browser doesn’t support HTML5
Азаттық радиосының бағдарламасын дөңгелек үстел пікірталасымен сабақтаймыз.
Қазақстан парламентіне келіп түскен «Дербес деректер туралы» заң жобасы парламентте ғана емес, бүкіл қазақ қоғамында да қызу пікірталас туғызып отыр.
Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне қатысқан бейтарап әрі тәуелсіз сарапшылардың ортақ пікірінше, «Дербес деректер туралы» заң Қазақстанның саяси құрылымы түпкілікті өзгергенде ғана қабылдануға тиіс.
Өйткені, дейді сарапшылар, бұл заңды қабылдаудың түпкілікті көздегені - дербес деректерді қорғау емес, елдегі еркін ойды бақылауға алу мен жаппай қарсылыққа жол бермеу үшін дербес деректерді жинау мен іріктеуді көздейді.
Орыс тілінде өткізген дөңгелек үстелдің қысқаша жазба мәтіні мен толық аудио нұсқасын Азаттықтың Интернет-сайтынан оқып тыңдауға болады.