Күнделікті бағдарлама
Your browser doesn’t support HTML5
5 маусым Қазақстанда Алматы облысының "Арқанкерген" шекара постында қаза тапқан шекарашыларды ұлттық аза тұту күні болып жарияланды деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот үкімі шықты, айыпталған 37 адамның 12-сі түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айрылды, мұнайшылар белсендісі Роза Төлетаеваға ең ұзақ мерзім – 7жыл түрме жазасы кесілді.
Сарапшылар Жаңаөзен үкімін түрліше бағалайды.
Ресейдің жаңа сайланған ескі де жаңа президенті Владимир Путин өзінің Азия аймағына сапарын не себепті Өзбекстаннан бастады?
70-ке келген шағында сталиндік репрессияның құрбаны болған дәстүрлі әнші Үкілі Ыбырай «айдауда кетіп бар жатса да, үкіметті мойындамай, өзінің қарсылық өлеңдерін айтудан танбады» деді еске алу кешіне жиналғандар.
1860 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауылында дүниеге келген. Үкілі Ыбырай 1930 жылы ұсталып, атылып кетеді.
.