Уақыт бедері
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда сарапшы мамандар бала өлімінің күрт көбейгенін айтып, дабыл қағуда. Бұқаралық ақпарт құралдарының берген мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері Қазақстанда 25 мың адам көз жұмса, солардың 950-і жасқа толмаған нәрестелер.
Соңғы 5 айда Алматыдағы Перинатология және кардиохирургия орталығында 60-қа жуық сәби шетінеген. Мамандар бұған педиатрлардың жетіспеушілігі себеп дегенді алға тартады. Олардың айтуынша, Қазақстанда соңғы бес жылда педиатр мамандар дайындалып жатқан жоқ.
.