Күнделікті бағдарлама
Your browser doesn’t support HTML5
«Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің екінші соты оның өзі мен жалдаған адвокаттарынсыз өтіп, бұрын 14 жылға сотталған топ менеджерге тағы 10 жылға жаза кесілді.
Қазақстан президенті жанындағы адам құқтары комиссиясы атамекендеріне оралған оралмандардың құқық жағдайы және оларды бөлектеп қоныстандыру мәселелері турасында баяндама жасады.
Азаттық радиосының сайтында бейсенбі күні құқықтық саясатты зерттеу орталығының директоры Назгүл Ерғалиевамен оқырмандардың конференциясы өткізілді.
БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті Қазақстанды өзбек босқындарына қатысты дұрыс шешім қабылдамады деп айыптап отыр.
АҚШ мемлекеттік департаментінің адам саудасына арналған есебі мен Египеттегі президент сайлауының нәтижелері әзірге жарияланбайтыны турасында талдау хабарлармен де өздеріңізді таныстыратын боламыз.