АҚШ президенті Барак Обама мен Иордания королі Абдулла ІІ телефон арқылы сөйлесіп, Иракқа гуманитарлық көмек көрсету жайын кеңескен. Екі саясаткер бұл елге "Ислам мемлекеті" (ИШИМ) ұйымы төндіріп отырған қауіптерді талқылаған. Бұл туралы Ақ үй хабарлады.
АҚШ президенті Барак Обама мен Иордания королі Абдулла ІІ Газа секторындағы жағдайды да талқылап, атысты тоқтату, Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға жәрдем көрсету жайын да әңгімелескен.
Ақ үй таратқан мәлімдемеде, АҚШ президенті Обама мен Иордания королі Абдулла II-нің екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайта беруге келіскені жазылған.