Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Финляндия президенті Саули Ниинисте телефон арқылы сөйлесті.
Ақорданың баспасөз қызметінің 18 тамызда хабарлауынша, әңгіме барысында президенттер Қазақстан-Финляндия қарым-қатынасының дамуын және Украинадағы ахуалды талқылаған.
"Бейбіт тұрғындар арасындағы қантөгісті тоқтатып, украин дағдарысы бойынша бейбіт келіссөздерді бастаудың маңыздылығы айтылды" деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.