1991 жылғы «тамыз бүлігі»
Мәскеу қаласының Калинин даңғылымен келе жатқан совет танкілері. 19 тамыз 1991 жыл.
Калинин даңғылындағы совет танкілері. Мәскеу, 19 тамыз 1991 жыл.
ГКЧП мүешелері (солдан оңға қарай) Борис Пуго - СССР ішкі істер министрі, Геннадий Янаев - СССР вице-президенті және Олег Бакланов - СССР қауіпсіздік кеңесінің төраға орынбасары "төңкеріс" туралы мәлімдеп отыр. Мәскеу, 19 тамыз 1991 жыл.
«Михаил Сергеевич Горбачев денсаулығына байланысты СССР президенті міндетін атқара алмайтындықтан 1991 жылғы тамыздың 19-ынан бастап СССР президенті міндетін атқаруға кірістім» деген СССР вице-президенті Геннадий Янаевтың жарлығы шықты. Мәскеу, 19 тамыз 1991 жыл.
Мәскеу көшесіндегі совет армиясының танкі. 20 тамыз 1991 жыл.
Парламент үйі алдында танк үстіне шығып сөйлеген Ресей (РСФСР) президенті Борис Ельцин халықты ГКЧП-ға жаппай қарсылық көрсетуге шақырды. Мәскеу, 19 тамыз, 1991 жыл.
ГКЧП-ға бағынудан бас тартқан Ресей федерациясы парламенті алдында баррикадалар орнатылды. 20 тамыз 1991 жыл.
1991 жылы тамыздың 21-іне қараған түні Мәсекудегі Садовое кольцо мен Новый Арбат қиылысында әскерилердің жолын бөгеу үшін баррикада орнатып жатқан адамдар.
Ресей федерациясы парламенті алдындағы баррикадада отырған жас азаматтар. Мәскеу, 20 тамыз 1991 жыл.
Ресей президенті мен парламентін қолдауға жиналған жұрт. Ақ үй, Мәскеу, 21 тамыз 1991 жыл.
Ресей (РСФСР) президенті Борис Ельцин Ресей парламентінің кезектен тыс жиынында сөйлеп тұр. Мәскеу, 21 тамыз 1991 жыл.
Ресей президенті Борис Ельцин мыңдаған адамның алдында сөйлеген сөзінде билікті заңсыз жолмен басып алмақ болған ГКЧП әрекеті сәтсіздікке ұшырағанын жария етті. 22 тамыз 1991 жыл.
Ресей президенті Борис Ельцин билікті басып алмақ болған ГКЧП-нің әрекеті сәтсіздікке ұшырағаны туралы халық алдында сөйлеп тұр. Мәскеу, 22 тамыз 1991 жыл.
СССР президенті Михаил Горбачевтің әйелі Раиса Горбачеваның (ортада) ерімен бірге Форостан Мәскеуге ұшақпен жеткізілген сәті. 21 тамыз 1991 жыл.
Әйгілі музыкант Мстислав Ростропович Лубянка алаңында жиналған халық арасында тұр. Мәскеу, 22 тамыз 1991 жыл.
Қызыл алаңда шеруге қатысушылар ұстап шыққан үштүсті ту кейін Ресей мемлекеттік туы болып бекітілді. Мәскеу, 22 тамыз 1991 жыл.
ГКЧП бүлігі іске аспаған соң оған қатысқан деген айыппен ұсталғандар абақтыға жабылды.
"ГКЧП бүлігіне қатысқан" деген айыппен ұсталған шенеуніктер қамауда отырған түрме камераларының бірі.
"Тамыз бүлігі" кезінде Ақ үйді қорғауға қатысып қаза болған үш азаматты ақтық сапарға шығарып салу. Мәскеу, 24 тамыз 1991 жыл.
ГКЧП үндеулері мен мәлімдемелерін және №1, №2 қаулыларын СССР-дің ресми баспасөзінің көпшілігі, соның ішінде Қазақстанның ресми ақпарат құралдары да жариялады. Солардың арасында тек 1991 жылы 20 тамыз күні Қарағанды облысының «Орталық Қазақстан» газеті «Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Кеңес Одағында төңкеріс жасалды» деп ашық мәлімдеме жасады. Мәлімдеме астында осы газеттің сол кездегі редакторы Нұрмахан Оразбековтің «Иә, бұл – төңкеріс» деген бас мақаласы жарық көрді.
Бұл төңкерістің кімге қарсы жасалғанын талдап шыққан автор Нұрмахан Оразбеков «олардың күні ертең қара тақтаға жазыларына күмән болмаса керек. .. бұл күні әдеттегі хабарлар, көңілді музыка беріліп жатты. Керісінше қаралы, азалы музыка берілуі керек еді. Өйткені бұл біздің елде демократия жерленген күн» деп жазды. Ол мақала соңын «Бұл асығыс жазба қайғылы хабардан туған алғашқы әсер, жеке пікірім. Ертең төтенше жағдай деген желеумен қара түнек күндер туа қалса, редакция коллективінің басқа бірде-бір мүшесін айыптамауды өтінемін» деп аяқтады.
Оқиғаның кейбір куәгерлері 1991 жылы "тамыз бүлігі" кезінде Қазақ ССР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөздері мен жасаған әрекеттері оның «бүліктің даму барысына қарай» қимылдағанын көрсеткенін айтады. Назарбаевтың екі күнде екі үндеу жасап әліптің артын баққаны, үшінші күні Горбачевпен сөйлесіп, күрт белсенділік танытқаны кейін түрліше бағаланды.