Қазақстандық жас ауыр атлет қола жүлде алды

Жасұлан Қалиев (оң жақта), Нанкин жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері атанған ауыр атлет. 21 тамыз 2014 жыл

Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында қазақстандық ауыр атлет Жасұлан Қалиев 77 килограмм салмақта қола жүлдеге ие болды. Ол қоссайыс бойынша 310 килограмм (жұлқа көтеруде - 139 кг, серпе көтеруде - 171 кг) салмақ көтерді.

Алтын жүлдені армениялық Накоб Мкртчян (319 кг), күмісті үндістандық Рахул Рагала (316 кг) иеленді.

Бұл - Қазақстанның Нанкиндегі екінші медалі. Осыған дейін дзюдодан Бауыржан Жауынтаев алтын медаль жеңіп алған. Жасөспірімдер олимпиадасы 28 тамызда аяқталады.