Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) Батыс Африкада Эбола вирусымен күреске бірнеше ай кетуі мүмкін деп санайды.
Ұйымның соңғы мәліметтері бойынша, осы кезге дейін қауіпті дертке шалдыққандардың жартысынан астамы – 1427 адам қайтыс болған.
Бұған дейін, жұма күні ДСҰ сарапшылары бұл індеттің нақты қанша көлемге таралғаны белгісіз қалып отырғанын хабарлаған. Оған себеп, көптеген отбасылар туыстарының дертке шалдыққанын жасырады; сонымен бірге дәрігерлер жетуі қиын аймақтарда жағдай не болып жатқаны да беймәлім.
Эбола дертінің ошағы Гвинея, Либерия, Сьерра-Леоне және Нигерияда тіркелген.