Алматыда АИ-95 бензині талонмен сатыла бастады

Алматының орталық көшелерінің бірінде орналасқан жанар-жағар май бекеті. Алматы, 17 маусым 2014 жыл.

Алматы қаласында бүгін, 28 тамыздан бастап АИ-95 маркалы бензин де тек талон арқылы сатыла бастады.

«ҚазМұнайГаз өнімдері» компаниясына қарасты мұнай өнімдерін сату департаментінің өкілі Азаттық тілшісіне: «Тек Алматы қаласында ғана АИ-95 маркалы бензинін бөлшек саудада сатқан кезде шектеу шаралары енгізілді. Бұл облыстарға қатысты емес» деді.

Бұған дейін «Royal Petrol» компаниясына қарасты жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынына шектеу қойлып, тек талонмен сатыла бастаған еді.

Бірақ Алматыдағы «Sinooil», «Helios», ресейлік «Газпромнефть» компанияларының жанармай құю бекеттерінде бұл маркалы бензиндерді сатуға шектеу қойылмаған.