Қыркүйектің 3-і күні Қазақстан әскери сотының апелляциялық алқасы ефрейтор Шұғыла Пірәлиеваның шағымын орындаудан бас тартты. Пірәлиеваның әскери қызметке оралу жайлы шығымы осымен үшінші рет орындалмай қалды.
Шұғыла Пірәлиева - жұмысына қайта тұру үшін Қазақстан әскери басшылығымен бірнеше рет соттасқан жалғыз әскери қызметкер (әрі әйел адам).
Авиациялық 65229-бөлімнің бұрынғы ефрейторы Шұғыла Пірәлиева қызметінен 2012 жылы заңсыз қуылғанын айтып, осымен үшінші рет сотқа жүгінген. Ол апелляциялық алқа шешіміне байланысты кассациялық тұрғыда шағымданбақ.