Made in Astana

Қазақстанның 26 жас суретшісі көрмеге 70-тен аса шығарма қойды. Олардың стилі де, айтар ойы да әртүрлі. Made in Astana көрмесінен живопись, графика, фотография, инсталляция жанрларын көруге болады.  

Көрмеге келген жұрт аз болған жоқ. Келушілер Бейбітшілік және келісім сарайының 6-қабатына көтерілу үшін лифт алдында кезекке тұрды. Ғимарат әкімшілігі "Құланшы" қазіргі заман өнері орталығына баспалдақпен көтерілуге рұқсат етпеді.  

Көрме ашылар алдында суретшілерге осы шараға қатысқаны туралы дипломдар берілді. Made in Astana көрмесіне қойылатын туындылар жаз бойы арнайы конкурспен іріктелген еді.  
Дипломдар тапсырған суретші Лейла Махат жас суретшілерге "уақытты босқа өткізбей шығармашылықпен айналысу қажет екенін" айтты.  
 

Іріктеуден музыкант әрі суретші Александр Ворончихиннің «Искра» (Ұшқын), «Песня» (Ән), «Пространство» (Кеңістік) атты үш картинасы өткен. Ол «қарапайым заттарға басқа қырынан қарауға тырысқан».  

Суретші Юлия Москоленко төрт картина әкелген. Оның «Необычный» (Ерекше) картинасында актер Эзра Миллер бейнеленген. Суретші "осы картина арқылы жыныстық азшылық өкілдеріне қолдау білдіргісі келгенін" айтады.  

Сәулет Жәнібек пен Жанар Үмбет (оң жақ шетте) «Здесь и сейчас» (Қазір және осында) аталатын сағаттар инсталляциясын жасаған. Авторлар «идея келген мезетте оны ұстап қалу керек» дейді. 

Мұндағы тағы бір инсталляция - «Нечего надеть» (Киерге киім жоқ). Ол - есігі жабылмайтын шкаф, шкаф ішінен күміс түсті зат қотарылып келеді.  

Көрмеге Қазақ ұлттық өнер университеті түлектері де диплом жұмыстарын қойған.  

Көрменің бір бөлігі "Ұлы Отан соғысына" (Екінші дүниежүзілік соғысты айтады - ред.) арналған. 

Көрмеге тәуелсіз суретшілердің де картиналары қойылған.  

Made in Astana көрмесі өкілдері шығармаларға қарап жүр.  

Made in Astana көрмесіндегі тағы бір инсталляция.