Бүгін Алматыдағы Ахмет Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы Никольский базары аумағында өрт шықты.
Куәгерлердің айтуынша, өрт жалыны «Алатау» кафесінің шатырын шарпып, кейін соған жапсарлас тұрған тұрмыстық зат-бұйымдар сататын сауда орындарын да қамтыған.
Өрт туралы суыт хабар кезекшіге жергілікті уақытпен сағат 12:10 кезінде түскен деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар қызметі.
Қазір төтенше жағдайлар қызметінің адамдары мен арнайы техникасы оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.