Патшайым: Шотландиялықтар жақсылап ойланар

Ұлыбритания патшайымы екінші Елизавета.

Ұлыбритания патшайымы екінші Елизавета шотландиялық сайлаушылар тәуелсіздік туралы референдумде дауыс берерде болашақ туралы «жақсылап ойланады» деп үміттенетінін айтты.

Шотландия тәуелсіздігі туралы референдумге қатысты бұған дейін комментарий бермеген Елизваета патшайым Шотландиядағы резиденциясы қасындағы шіркеуден шығып келе жатқанда «адамдар болашақ туралы өте мұқият ойланады деп үміттенетінін» білдірген.

Британ патша сарайындағы дерек көздерінің мәлімдеуінше, патшайым «саясаттан биік тұратын бейтарап тұлға ретінде тәуелсіздік Шотландия халқының өзі ғана шешетін мәселе екенін әрдайым мәлімдеп келген».

Анасы шотланд қызы болған Елизавета патшайым референдумдегі дауыс беру нәтижесі қандай болатындығына қарамастан, Шотландия мемлекетінің басшысы болып қала бермек деген уәж айтылып отыр.

18 қыркүйекке белгіленген референдумде Шотландияның Ұлыбритания құрамында қалғаны дұрыс па, жоқ әлде тәуелсіз болғаны жөн бе деген сауал дауысқа қойылады.