Никольский базарындағы өрт

Your browser doesn’t support HTML5

15 қыркүйекте Алматыдағы Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы Никольский базары аумағында өрт шықты. Куәгерлердің айтуынша, өрт жалыны «Алатау» кафесінің шатырын шарпып, кейін соған жапсарлас тұрған тұрмыстық зат-бұйымдар сататын сауда орындарын да шалған. Өрт туралы суыт хабар кезекшіге жергілікті уақытпен сағат 12:10 кезінде түскен деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар қызметі. Қазір төтенше жағдайлар қызметінің адамдары мен арнайы техникасы оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.