Жоғарғы Рада люстрация заңын қабылдады

Your browser doesn’t support HTML5

Украина Жоғарғы Радасы люстрация туралы заңды қабылдау үшін үш мәрте дауысқа салды. Парламент алдында жиналған белсенділер "билікті тазартуды" көздейтін заң қабылдауды созып жіберген депутаттарға наразылық ретінде автокөлік дөңгелектерін өртеп, ғимараттың ішіне кіруге әрекет жасады. Кейін заң жобасының қабылданғаны белгілі болған соң, белсенділер Украина гимінін шырқады. 16 қыркүйек 2014 жыл.