Қазақстан парламенті мәжілісінің ғимаратында өлі күйінде табылған полиция қызметкерінің қазасы тексеріліп жатыр деп хабарлады Tengrinews сайты.
«Біз полицейлеріміздің психологиялық жай-күйін қызметтік тексеруден өткізіп жатырмыз. Бұл (полиция қазасы - ред.) – жекелеген оқиға. Оны тексеру әлі аяқталған жоқ» деген Қазақстан ішкі істер министрі міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев.
Tengrinews сайтының хабарлауынша, 2 тамыз күні Астанада Қазақстан парламенті мәжілісінің ғимаратында ішкі істер министрлігі үкіметтік мекемелерді қорғау жөніндегі полкының 1-батальоны инспекторы, 1990 жылы туған полиция лейтенантының жансыз денесі табылған.
Ақпаратқа қарағанда, оның денесінде оқ ізі бары анықталған. Ресми орындар полиция өкілі өзін өзі атып өлтірген болуы мүмкін деген болжам айтады.