Қытай мен Үндістан бейсенбіде Делиде құны 20 млрд доллар тұратын үнді экономикасына инвестиция құюды көздейтін 12 келісімге қол қойды.
Бұл туралы ВВС хабарлады.
Қытай Үндістанның теміржол жүйесін модернизациялап, жоғары жылдамдықты теміржол қатарын салып, станцияларды жаңалауды жоспарлап отыр. Гуджарат, Махарашатра штаттарында Қытай жағы салатын өндірістік аймақтарға Үндістан ауылшаруашылық және дәрі-дәрмек экспорттай алады.
Екі ел бұдан өзге құны 3 млрд долларын құрайтын әуе көлігін жалға алу және телекоммукникация саласы бойынша келесімдерге де қол қойған.