Сириялық босқындар
Your browser doesn’t support HTML5
Анкара шекараны бір күнге ашқан соң Түркия аумағына Сириядан жүздеген босқын өтті. Араларында әйелдер мен балалар бар босқындар шекарада таңертеңнен, ал кейбіреулері бұл жерде бірнеше күннен бері тұрған еді. Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамының қызметкерлері босқындарға су таратып, қарт адамдарға шекарадан өтуге көмектесті. Соңғы бірнеше күн ішінде Сириядан өткен 130 мыңнан аса күрд Түркияны паналаған. Түркия премьер-министрінің орынбасары Нуман Куртулмуш Сирия жеріндегі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының қырғынынан қашқан босқындар легі жақын күндері еселене түсуі мүмкін деп мәлімдеді.