Инчхон: Катар командасы хиджаб үшін шеттетілді

Инчхондағы Азия ойындарына қатысып жатқан хиджаб киген спортшы. (Көрнекі сурет)

Катардың баскетболдан әйелдер құрамасы 25 қыркүйекте Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында хиджабқа бола жарыстарға қатысудан шеттетілді.

24 қыркүйекте матч алдында жарысты ұйымдастырушылар Катар баскетболшыларынан хиджабтарын шешуді сұраған. Бірақ катарлық спортшылар ол талапты орындаудан бас тартқан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық баскетбол федерациясының ережелері бойынша ойыншылар матчқа «қандай да бір бас киім киіп, шашына әшекей бұйымдары мен өзге де заттарды тағып шыға алмайды».

Катар делегациясының басшылары команда жарыстың қалған матчтарына қатыспауды ұйғарғанын айтады.

Халықаралық баскетбол федерациясы осы айдың басында екі жыл мерзімге тек ұлттық құрамалар деңгейіндегі жарыстарға ғана ойыншылардың жарысқа ережеден тыс киініп шығуына рұқсат етуді қарастырып жатқанын хабарлаған.