HRW: Өзбекстанда саяси тұтқындар азапталады

Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия бойынша зерттеушісі Стив Свердлов.

Өзбекстанда саяси себеппен жазасын өтеп жатқан тұтқындар азаптауға ұшырап, жай-күйі нашар жағдайда қамауда отыр, деп мәлімдеді Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы бүгін жариялаған жаңа есебінде.

Құқық қорғаушылардың есебі сот құжаттарына, сұхбаттарға, оның ішінде бұрын тұтқында болып таяуда ғана босатылғандардан алынған сұхбаттарға негізделіп түзілген.

Баяндамада азаптау кезінде ұрып-соғу, электрошокпен қорқыту, буындыру, зорлау және жыныстық қорлау әдістері қолданылатыны айтылған.

Human Rights Watch құқық қорғаушы Абдурасул Худойназаров көктемде бостандыққа шыққан соң көп ұзамай қатерлі ісіктен көз жұмғанын айтады. Баяндама авторлары оған түрмеде меициналық көмек көрсетілмегенін айтады.

"Бұл жаңа фактілер Ташкент бұдан былай Өзбекстанда саяси тұтқындар жоқ деп айта алмайтынына дәлел бола алады" дейді халықаралық құқық қорға ұйымының Орталық Азия бойынша зерттеушісі Стив Свердлов.

Human Rights Watch өзбек билігін дереу және ешқандай шартсыз саяси тұтқындарды босатуға шақырады. Ұйым оларға тағылған айыптар қолдан жасалған және кесілген жаза мерзімі тым ұзақ деп санайды.