"Антигептил" акциясы
Your browser doesn’t support HTML5
"Антигептил" қозғалысының белсенділері Ресей елшілігі алдында наразылық акциясын өткізді. Олар Байқоңыр ғарыш айлағынан гептил улы отынын пайдаланатын "Протон М" зымыранын ұшыруға қарсы. "Протон" ұшыру қыркүйектің 28-іне жоспарланған. Ресей елшілігі алдында плакат ұстап, әнұран айтқан төрт белсендіні полиция ұстап, Алматы аудандық ішкі істер басқармасына алып кетті. Астана, 26 қыркүйек 2014 жыл. Видео авторы - Жалғас Сапарбеков.