Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат құралдары тұңғыш рет мемлекет басшысы Ким Чен Ынның сырқат екенін хабарлады. Солтүстіккореялық телевизия Ким Чен Ынның денсаулығы туралы бұл ақпаратты 25 қыркүйек күні таратқан.
Телевизиялық сюжетте "Еліміздегі социализм маршалымыздың тынымсыз еңбегі арқасында өркендеп жатыр. Ол денсаулығындағы кінаратқа қарамастан, адамдардың болашағына нұрын төгіп тұр" деген сөйлемдер болған.
31 жастағы Ким Чен Ынның суретін мемлекеттік басылымдар соңғы рет 3 қыркүйек күні жариялаған еді. Онда Солтүстік Корея басшысы әйелімен бірге концертте отыр. Осы суретінен кейін Ким Чен Ынның ауыр дертке шалдыққаны туралы болжамдар көбейген.
Кейінгі видеоларында Ким Чен Ынның бір аяғын сылтып басатыны байқалған. Мемлекет басшысының денсаулығы нашарлағаны туралы лақап ол Солтүстік Корея халық кеңесінің сессиясына қатыспағаннан кейін күшейді.