Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Андрей Ақтауов (55 килограмм) каратэден чемпион атанды.
Ол 1/8 финалда Теодоро Сатурмино Колиді (Шығыс Тимор) - 8:0, ширек финалда брунейлік Фидаи Саниф Мухамадты - 6:2, жартылай финалда қытайлық Жингчао Санды 7:0 есебімен ұтты. Ал финалда Абдулу Имубарак Альхарбиді (Сауд Арабиясы) жеңді.
Бүгін Қазақстанның жеті боксшы бірдей Азия ойындарының алтынына таласады.
Қазір Қазақстан 21 алтын, 19 күміс, 32 қола медалімен жалпы есепте 4-орында тұр. Азия ойындары 4 қазан күні аяқталады.