Қырымда тағы бір жас жоғалды

Your browser doesn’t support HTML5

Қырымда адамдардың із-түссіз жоғалып кетуі жалғасып жатыр. Симферополь қаласында 3 қазанда өзі жұмыс істейтін жеке меншік наубайханаға шыққан Ескендір Апселямов хабар-ошарсыз кеткен. Содан бері жас жігіттің тағдыры белгісіз қалып отыр. Ата-анасы құқық органдарының іс-әрекетін күтіп отырмай, Красногвардейскіден Симферопольге келіп, балаларын өз бетінше іздеуге кіріскен. Ескендірдің анасы Айше Апселямова ұлы жоғалғаннан бергі жағдай туралы Азаттықтың Украин редакциясының Крым.Реалии веб-сайтына сұхбатында баяндап берді. Сұхбат орыс тілінде алынды.