Түркиядағы қақтығыс
Your browser doesn’t support HTML5
«Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы содырлары мен Сириядағы күрдтер соғысы дүрбелеңі Түркияға жетті. Жергілікті күрдтер Түркия үкіметін "Сирияның Кобани қаласында содырлармен соғысып жатқан күрдтерге қолдау көрсетпеді" деп айыптап, наразылық шерулеріне шықты. Dogun агенттігі ақпаратына қарағанда полиция мен шерушілер қақтығысынан 21 адам қаза тауып, көптеген шеруші жарақат алған. Қақтығыстар негізінен Стамбулда және Түркияның оңтүстік-шығысындағы күрдтер провинцияларында болып жатыр. Полиция көліктер өртеген наразыларға қарсы көзден жас ағызатын газ бен су шашқан. Түркия үкіметі бірнеше провинцияда коменданттық сағат жариялады. Премьер-министр Ахмет Давутоглу тұрғындарды наразылықты тоқтатуға, ұстамдылыққа шақырды.