Қазіргі Абхазия

Сухумидегі пирсте совет дәуірінде ресторан мен кафе болған. Бірақ 20 жылдан бері Қара теңіздегі бұл айлақ қаңырап тұр.    

Сухуми айлағында кешкі серуенге шыққан тұрғындар.  

Сухумиде әлі күнге қираған, иелері тастап кеткен ғимараттар көп. Олар 1990-жылдардың басында болған соғыстан кейін қараусыз қалған.    

Сухуми тұрғындарының көбі жұмыссыз. Нақты статистика жоқ, бірақ кейбір ақпараттарға қарағанда, Абхазия аудандарының кейбірінде халықтың 80 пайызы жұмыс таппай отыр.  

1992-93 жылдары болған соғыста қаза тапқан туысының бейітіне гүл қоюға келген әйел. Сухумидің орталық алаңдарының бірі мемориал бейітке айналған.  

Абхазия экономикасы табысының 70 пайызы Ресейден келетін туристерден түседі. Жыл сайын бұл елге Ресейден миллионға жуық турист келеді.  

Сухуми орталығында автобус күтіп тұрған адам.  

Абхазияны Грузиядан бөліп жатқан Ингури өзенінің көпірінен жүк күтіп тұрған әйелдер.  

Ингури өзеніндегі көпірден жаяу өтетіндер көп. Абхазия мен Грузия шекарасын Ресейдің үш жарым мыңдай жауынгері күзетеді.    

Сәнді киімдердің жарнамасы. Бірақ мұндай қымбат киімдерді сатып алуға шамасы барлар аз.  

Сухуми. Бұл ғимаратта Apple компаниясының осындағы дилері орналасқан.  

Сухуми айлағында шахмат ойнап отырған адамдар. 

Абхазияның оңтүстігіндегі Гали базарын күзтететін солдаттар.    

Сухуми мен оның маңайына көбінесе осындай "маршруткалар" жүреді.    

"Маршрутка" жүргізушілері түскі астарын ішіп жатыр. Олар жалақының көбейтуді талап етіп, жиі ереуіл жасайды.    

Сухумиде темекі сатып тұрған саудагер. Мұндағы валюта - Ресей рублі.   

Сухуми вокзалы. Бірақ мұнда пойыз жүрмейді.    

Сухуми орталығындағы қаңырап қалған әкімдік ғимараты. Бұл жерде 1992-93 жылдары қарулы ұрыстар болған.