Ресейдің әділет министрлігі «Мемориал» құқық қорғаушы үкіметтік емес ұйымын жабуға жоғарғы сотқа арыз түсірді.
Жоғарғы сот сайтындағы мәліметке қарағанда, бұл арыз бойынша сот тыңдауы 13 қараша күні өтеді. Арыз 24 қыркүйек күні түскен.
Интерфакс ақпараттары бойынша, бұған дейін Ресей прокуратурасы "Мемориал" ұйымынан "шетел агенті" ретінде тіркелуді талап еткен. Алайда Мәскеу соты бұл талапты қанағаттандырмай тастаған еді.
1980-жылдардың соңында Нобель сыйлығының иегері Андрей Сахаров бастаған совет диссиденттері құрған бұл ұйым ширек ғасырға жуық Ресейде адам құқықтарын қорғаумен айналысып келеді.