Беларусьте Путинге қарсы ән айтқандар ұсталды

Беларусь-Украина футбол матчына келген жанкүйерлер. Беларусь, Борисов, 9 қазан 2014 жыл.

Беларусь полициясы 9 қазан күні Борисов қаласында өткен Беларусь-Украина футбол матчынан кейін Ресей президенті Путинге қарсы анайы ән айтқан жанкүйерлерді ұстады.

Ұсталған 100-ге жуық Украина, 30-дай Беларусь жанкүйерінің соты 10 қазан күні өтті. Сот олардың көбін босатқанымен, 12 Украина азаматын "бұзақылығы үшін" бес күннен он күнге дейін қамау, 12 Беларусь азаматына айыппұл салу туралы үкім еткен.

Инцидент бұл елге Ресей президенті Владимир Путин келерден бір күн бұрын болған. 10 қазан күні Минскіде ТМД елдері басшыларының басқосуы өткен еді.