Қырғыз парламенті гомосексуализмге қарсы заңды қолдады

Қырғызстан парламентінің отырысы, Бішкек. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан парламенті 15 қазанда гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Бұл жайында Азаттыққа жоба авторларының бірі Құрманбек Дыйканбаев хабарлады.

Оның айтуынша, құжаттың басты мақсаты – «дәстүрлі емес жыныстық байланыстарды насихаттауға тыйым салу». Заң жобасын 79 депутат қолдап, 7 депутат қарсы дауыс берген.

Жоба қабылданса, онда «гомосексуализмді насихаттағандар» алты айдан бір жылға дейін түрме жазасына кесіледі. Бір жынысты некені «БАҚ арқылы насихаттаған» журналистер де жауапқа тартылады.

Заң жобасы бұған қоса гомосексуалистердің өз құқықтарын қорғайтын ұйым құруына тыйым салады.