Бүгін Астанадағы тәуелсіздік сарайында "ЭКСПО-2017" көрмесі қарсаңында "Болашақтың энергиясы: CO2 қалдығын қысқарту" деген атаумен халықаралық форум басталды.
Форум кезінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының президенті Талғат Ермегияев журналистерге "көрмеге кіру билетінің құны 27 еуро болатынын, көрмеге қатысатын мамандар мен туристерге арнап пәтерлер салынатынын" хабарлады.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, форумға 500-ден астам адам қатысады деп жарияланған. Форумды "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы 2017 жылға дейін жыл сайын өткізіп тұрмақ.
Форумға әлемнің энергетикалық саладағы жүздеген сарапшылары, ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, мемлекеттік сектор өкілдері қатысуда.
Форум 24 қазан күні аяқталады.