ЕО парник газын 40 пайызға азайтпақ

Еурокомиссияның қызметінен кетіп бара жатқан президенті Жозе Мануэль Баррозу (сол жақта) мен жаңа сайланған басшысы Жан-Клод Юнкер (оң жақта) және Германия канцлері Ангела Меркель. Брюссель, 23 қазан 2014 жыл.

Брюссельде өткен келіссөздерде Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің басшылары 2030 жылға дейін ауаға парник газдарын шығаруды 1990 жылғы деңгейімен салыстырғанда кемінде 40 пайызға азайтуға келісті.

ЕО елдерінің басшылары бұл шешімдері желтоқсанда Францияда өтетін БҰҰ-ның климат жөніндегі саммитінен кейін АҚШ пен Қытайға парник газын азайтуға үлгі болады дейді.

Саммитте бұған қоса 2030 жылға дейін қайталана алынатын энергияны пайдалану көлемін 27 пайызға дейін көбейтуге шешім қабылданған.

Бұдан өзге, ЕО басшылары одақ ішінде энергоресурстарды жеткізуді жеңілдету үшін ынтымақтастықты күшейтуге келісті.