Украинадағы сайлауға дауыс беру

Your browser doesn’t support HTML5

Украинада сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8-де ашылып, ел парламенті – Жоғарғы Раданың кезектен тыс сайлауына дауыс беру басталды. Украина заңы бойынша, бір палаталы Жоғарғы Рададағы 450 орынның жартысы партиялық тізім бойынша, қалған жартысы – бір мандаттық округтерден сайланады. Бұл сайлауға 29 саяси партия мен мажоритарлық жүйе бойынша үш жарым мыңға тақау кандидат түсіп жатыр. 26 қазан 2014 жыл. Азаттықтың Украин қызметі түсірген видео.