Армения мен Әзербайжан президенттері Парижде кездесті
Your browser doesn’t support HTML5
27 қазанда Париждегі кездесуден соң Армения президенті Серж Саргсян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабах мәселесіне қатысты бейбіт келіссөздерді жалғастыруға келісті. Франция астанасында сол елдің президенті Франсуа Олландтың бастамасымен кездескен Саргсян мен Әлиев сол күні ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Анджей Каспршиктің жеке өкілімен де жүздескен. Таулы Қарабах аймағының шекарасында тамыз айынан бері армян күштері мен Әзербайжан сарбаздары арасында жиілеген жанжалдар салдарынан жиырмадан аса адам қаза тапқан. 1990 жылдары Әзербайжанның этникалық армяндар қоныстанған Таулы Қарабах аймағын армян сепаратистері басып алып, дербес аймақ деп жариялағаннан бері даулы мәселені дипломатиялық жолмен реттеуге жасалған талпыныстар еш нәтиже берген жоқ. Таулы Қарабах аймағының тәуелсіздігін әлемде ешбір мемлекет мойындаған емес.