Украина әскерилері мен «ЛХР» өзара тұтқын алмасты

Your browser doesn’t support HTML5

28 қазанда Украинаның Луганск облысындағы Счастье қаласының маңындағы бекетте украиналық әскерилер мен өзін өзі жариялаған «Луганск халық республикасы» жасағы тұтқындар алмастырды. Украина әскерилері өздері қолға түсірген 8 сепаратисті «ЛХР» жағында тұтқында болған 7 әскери қызметкер мен 4 азаматқа айырбастаған. Бұл шараға кезінде Ауғанстанда совет әскері қатарында қызмет атқарған жергілікті ардагерлер арағайындық жасаған. Азаттықтың Украин қызметі түсірген видео.