Бүгін Женевада БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Дүниежүзілік кезеңдік шолу жұмысшы тобының 20-сессиясында Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі есебі тыңдалды.
Human Rights Watch халықаралық ұйымы қазанның 29-ы күні Қазақстан билігін құқық қорғаушылардың негізгі ұсыныстарын ескермеді деп сынаған.
HRW мәлімдемесінде есебі қарсаңында БҰҰ-ға мүше елдерге бұл мәселеге назар аударып, Қазақстан билігін реформалар жүргізуге шақыруды ұсынған.
Қазіргі сәтте БҰҰ адам құқықтары кеңесінде Қазақстанның есебі талқыланып жатыр.