Ирактың Анбар провинциясындағы үкіметті қолдайтын сүннит тайпаларының бірінің жетекшісі өз тайпасының 50 адамын «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының содырлары өлтіргенін хабарлаған. Бұл тайпадан ИМ содырлары қолынан өлген ер, әйел және балалардың жалпы саны 200-ге жеткен.
Экстремистер бейбіт тұрғындарды Хит қаласынан ИМ содырларынан қашып келгендер тұрып жатқан шағын елді мекенде қырып салған. Кейбір ақпараттар бойынша, ИМ тобы 125 адамды тұтқында ұстап отыр.
АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері әуеден соққылар жасағанына қарамастан ИМ тобы Анбар провинциясында жаңа территорияларды басып алып жатыр.